Педагогтер біліктілігін арттыруда өзгерістер қажет

dep.jpg Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Әлихан Смаиловқа бағытталған сауалда педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелері айтылған.

– Қазіргі уақытта білім беру саласындағы кедергілер мұғалімдер наразылық тудырып отыр, – деп бастады әңгімесін мәжілісмен: – Қазіргі үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес педагогикалық білім беруде ректорларды, ЖОО әкімшілігін, директорлар кеңестерінің құрамын тағайындаудан бастап, мәнсіз бағдарламалардың мазмұнына дейін түбегейлі өзгерісті талап етіп отыр.

Сауалда педагогтердің біліктілігін арттыру жайын да сынға алды И.Смирнова: – Жаппай мектеп ұстаздарына арналған «Өрлеу» педагогтердің біліктілігін арттыру институты» 10 жылдан астам іс жүзінде монополиялық қызметке айналды. Нәтижесінде, педагогтердің білім сапасын арттыру былай тұрсын, оқушылардың оқу үлгерімін төмендетіп барады.

Осынау олқылықтың салдарынан мұғалімдердің аттестаттаудан өту нәтижелері де төмендеп кеткен. Айталық, 2020 жылы қатысушылардың 59,1% аттестаттаудан өтпесе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74,2 пайызға жеткен.

– Аттестаттаудағы сұрақтардың мазмұны да шағымдар көп. Айталық, жылдар өткен сайын маңыздылығын жойған сұрақтардың ұстаздарға, оқушыларға қажеттілігі қанша? – деп толықтырды ойын мәжілісмен.

Депутаттық сауалда Қазақстан Халық партиясы депутаттарының фракциясы Оқу-ағарту министрлігіне «Оқушылардың, мұғалімдердің білім сапасын арттыру үшін жоғарыда аталған жайттарды жіті зерттеп, зерделеп, мемлекет мүддесі жолында білім беру жүйесіндегі өзгерістерді дереу қарастыру сондай-ақ, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және аттестаттау мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы ұсыныс білдірді. Тіпті, біліктілікті арттыру мақсатында мемлекеттік тапсырысты беріп отырған және оны орындаушы органдарға аудит жүргізу қажет деп есейтейді.

Ал Ғылым және жоғары білім министрлігіне заман талабына сай сапалы педагогикалық білім беру мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылса деген бастама жасады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy