Еңбектің жемісі

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан Астанада өткен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысты. Отырысқа қатысушылар елдің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары мен стратегиялық бағдарларын, сондай-ақ еңбек саласын дамытудың басымдығын талқылады.

Жұмыспен қамту, жұмыскерлердің құқығын қорғау және әлеуметтік-еңбек саласының ауқымды цифрлық трансформациясы алқа отырысының негізгі тақырыбына айналды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытынан туындайтын міндеттерді іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Мұнда өткен жылдың қорытындысы шығарылып, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру талқыланды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 2,9 млн сапалы жұмыс орнының қызметі қамтамасыз етілді. 2026 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 547,7 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

– Әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға, еңбек жағдайын жақсартуға және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға ерекше назар аударылды, – деді К. Сейтжан.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy