Әкелерге де декреттегі уақыты үшін еңбек өтілі есептеледі

dep.jpg

Мәжіліс әлеуметтік қорғау аясында заңға жұмыс істемеген әкелердің бала күтіне байланысты үйде отырған уақытын еңбек өтілі ретінде есептеу туралы түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл өзгертулер Әлеуметтік кодекске, «Еңбек құқығын қорғау» заң жобасы шеңберінде енгізіледі. Дегенмен, ҚХП депутаттары әлеуметтік тұрғыда осал отбасыларға нақты қолдау шараларын енгізуді ұсынды және Үкімет бұл бастаманы қолдайтын сыңай танытты.

Парламенттегі ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов түзетулерді талқылау кезінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың жағдайын жеке қарастыру қажет екенін айтты.

– Осы санаттағы адамдарға бірлескен зейнетақы енгізіп, еңбек өтілі зейнетақы деңгейіне әсер ететіндей ету керек, – деді Магеррамов.

Сонымен қатар, депутат ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың демалыс алу құқығын қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

– Көптеген ата-аналар еңбек демалысын баланы емдету немесе реабилитациялық процедураларға апару үшін пайдаланады. Өзінің демалуға уақыты жоқ, - деді депутат.

Магеррамов Балтық елдерін мысалға келтірді. Онда осындай отбасылардағы әр ата-анаға айына бір демалыс күні беріледі.

– Ата-ана бұл 12 күнді жыл бойы жинай алады. Бұл қосымша ақылы әлеуметтік демалыс болып саналады және баланың мүддесіне пайдаланылады. Біздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға қолдау көрсету үшін осы тәжірибені қарауға дайын ба? – деп сұрады депутат.

Осы ұсынысқа қатысты Министрліктің бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ведомство дайын екенін айтып, ұсынысты қайта қарауға уәде етті.

– Егер мұндай сұраныс пен қажеттілік болса, біз осы ұсыныстар бойынша жұмыс істеуге дайынбыз, – деді вице-министр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy