Қоғамның сұранысы бойынша

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабының өкілдері тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде. Іс-шаралардың мақсаты – қазақстандықтарға жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіру.

ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов №12 қалалық емхананың ұжымымен кездесті.

– Азаматтар жаңа Конституция жобасына шынайы қызығушылық танытуда, – деп атап өтті мәжілісмен кездесуде. – Бұл жалпы және денсаулық сақтау саласына қатысты қойылған сұрақтардың мазмұнынан аңғарылуда.

Магеррам Магеррамов № 111 орта мектептің ұстаздарымен де кездесу өткізді.

– Педагогтармен өткен диалог барысында жаңа Конституция жобасының әлеуметтік сала үшін маңызы зор екеніне назар аударылды, – деп нақтылады ҚХП фракциясының жетекшісі. – Атап айтқанда, білім беру жүйесін дамытуға және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар талқыланды.

Магеррам Магеррамов реформаға қатысты жұмыс тобының құрамында болды, кейін Конституциялық комиссияның мүшесі атанды.

– Жұмыс тобында талқылау жүргізген кезде бізге шамамен 2000 ұсыныс келіп түсті, – деді мәжілісмен. – Олар жаңа Конституцияға қатысты болды. Біз мұны елеулі өзгеріске деген сұраныс деп қабылдадық.

Конституциялық комиссияға 10 мыңнан астам ұсыныс түсті.

– Бұл жаңа қоғамдық келісім мен жаңа мазмұнға бағытталған ауқымды сұраныс болды, – деп түсіндірді М.Магеррамов. – Жаңа Конституция жобасында жаңа қоғамдық келісімге басымдық берілді. Ал оның мазмұны құжаттың преамбуласында айқын көрініс тапты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy