Қазақстан Халық партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұркеев Марат Сисембайұлы жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды.
Бұл марапат экономика, әлеумет, ғылым, мәдениет және білім беру салаларын дамытуға қосқан еңбегі және мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.
Марат Нұркеев – белгілі қоғам қайраткері, кәсіподақ өкілі, энергетика саласының ардагері. Ол бұрын «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның басқарушы директоры қызметін атқарып, көптеген жылдар бойы ел игілігі жолында еңбек етті. Өңірдің инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосты.

Әріптестері мен пікірлестері Марат Сисембайұлын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды.
– Бұл – оның еңбегінің, кәсібилігінің және белсенді азаматтық ұстанымының мемлекет тарапынан лайықты бағалануы, – деп атап өтті партияластары.
@halyk_partiyasy