Цифрлық қорғау аясында

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, партияның «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар Павлодар облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өкілдерімен бірге Шарбақты ауданының тұрғындарымен кездесті.

Коалиция мүшелері өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде. Олардың негізгі міндеті – азаматтардың сұрақтарына жауап беру және әрбір сайлаушыны алдағы жалпыұлттық референдумда саналы әрі жауапты таңдау жасауға шақыру. Кездесу барысында аудан тұрғындарына жаңа Конституцияның негізгі ережелері таныстырылып, халықты толғандыратын мәселелер талқыланды.

3

Жаңа Конституцияның артықшылығын тілге тиек еткен Ислам Сұңқар құжат жобасында алғаш рет адам құқығын цифрлық кеңістікте қорғау нормасын бекіту ұсынылғанын атап өтті.

1

– Барлығымыз цифрлық кеңістікте өмір сүріп жатырмыз, – деді мәжілісмен. – Бүгінде телефон жай ғана байланыс құралы емес, ол – әмиян, құжат, адамның барлық жеке мәліметтері сақталатын құрылғы. Цифрлық құқықты қорғау қалай жүзеге асады? Бұл түзетулердің киберқауіпсіздік маманы емес қарапайым азаматтар үшін қандай пайдасы бар? Біздің міндетіміз – осыны халыққа түсіндіру.

2


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy