Елордалықтар жаңа Конституция жобасын оң қабылдады

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы ұйымдастырып жатқан іс-шаралар аясында көшпелі ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Елорда мен өңірлерде өтіп жатқан іс-шаралар барысында мәжілісмендер сайлаушыларға жаңа Конституция жобасының новеллаларын түсіндіруде.

ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов үкіметтік емес ұйым өкілдерімен – «АСТ Астана әлеуметтік технологиялар» қоғамдық бірлестігі, «ЖасНұр» саңыраулар қауымдастығы және «Балам-ай» қоғамдық қоры ұжымымен кездесуге қатысты. Шара шеңберінде қатысушыларға ұсынылып отырған нормалардың азаматтардың тең мүмкіндігін қамтамасыз етуге, құқығын қорғауға және әлеуметтік ортаның қолжетімділігін арттыруға қалай ықпал ететіні туралы мағлұмат берілді.

1

Сонымен қатар М. Магеррамов «Smart Technological School» мектебіне бапарды. Мұнда ол білім беру жүйесін және инновациялар мен ғылымды дамытуға бағытталған нормалар туралы айтты.

– Диалог барысында біз жобаның негізгі ережелерін жан-жақты талқыладық, – деп нақтылады ҚХП фракциясының жетекшісі. – Мен білім беру саласына қатысты өзгерістер туралы сөз сөйледім.

2

Астана қаласы әкімдігінің шақыруымен Магеррам Магеррамов «Халықтық Конституция – Қазақстанның әділетті және прогрессивті болашағына жол» атты сараптамалық кездесуге қатысты.

3

– Бүгінгі іс-шараның қорытындысы бойынша айтарым, елорда жұртшылығы жаңа Конституция жобасын оң қабылдады, – деп атап өтті мәжілісмен.

М.Магеррамов жаңа құжат азаматтар мен мемлекет арасындағы жаңа конституциялық құндылыққа негізделгенін атап өтті.

– Адам және адам капиталы мемлекеттің басты басымдығына, ал оларды қорғау мен дамыту Ата заңның өзегіне айналады, – деп түйіндеді мәжілісмен.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy