Балаларға көмек

Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде ҚХП Орталық аппаратының басшылығы мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (оның ішінде аутизм спектріндегі бұзылыстары бар) құқығын қорғау және қолдау жөніндегі Республикалық кеңес өкілдерінің кездесуі өтті.

Жиын барысында Кеңестің 2025 жылғы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Қатысушылар негізгі жетістіктер мен нәтижелерге тоқталып, аталған қызметтің ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға тигізген нақты пайдасын талқылады. ҚХП Орталық аппаратының жетекшісі Дамир Қабдешев пен партияның Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрдәулет Оразханов атқарылған ауқымды жұмыс үшін алғыстарын білдіріп, Кеңес өкілдеріне алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады.

4

1

8

5

7

– Кеңестің қызметі ерекше бала тәрбиелеп отырған мыңдаған отбасы үшін аса маңызды, – деп атап өтті партия өкілдері.

2

Ресми бөлім аяқталған соң, кездесу жайлы атмосферада жалғасын тапты. Қатысушылар алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісіп, өткен жылдың нәтижелері туралы ой-пікір алмасты.

3

– Бұл кездесу тағы бір мәрте бәріміз біріге отырып, шын мәнінде қолдауға мұқтаж жандар – балаларымыз үшін игі істер атқара алатынымызды көрсетті. Кеңестің әрбір қадамы ерекше қажеттілігі бар балалар өзін бағалы, сүйікті әрі қауіпсіз сезінетін қоғам құруға жақындата түседі, – деп түйіндеді партия мүшелері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy