Энергетика саласының ардагері Марат Нұркеевті мерейтойымен құттықтаймыз!

dep.jpg

Құрметті Марат Сисембейұлы!

Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді жауапкершілігі жоғары, өз ісінің білікті маманы, нағыз кәсіби шебері деп білеміз. Аймақтың энергетика саласына қосқан өлшеусіз үлесіңіз лайықты марапаттарға ие болды.

Бүгінде сіз құрметті жасыңызға қарамастан, Қазақстан Халық партиясының Ақтөбе филиалы төрағасының орынбасары ретінде жемісті еңбек етіп келесіз. Сіздің адал еңбегіңіз, абырой-беделіңіз, қоғамдағы жоғары мәртебеңіз көпшілікке үлгі.

Осы көктемнің шуақты күнінде сізге зор денсаулық, мол бақыт, барлық бастамаңызға сәттілік тілейміз. Арман-мұратыңыз орындалып, айналаңыз сенімді достар мен адал серіктерге толы болсын. Жаңа белестер мен жарқын жетістіктер сізді әрдайым биіктерге жетелей берсін!

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy