Еңбек құқығы - әділетті қоғамның тірегі

dep.jpg

t.me/aqorda_resmi

Адамның экономикалық тұрақтылығы ең қарапайым нәрседен – еңбек ету мүмкіндігінен басталады. Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан жаңа Конституция жобасында осы нормаларға ерекше назар аударды.

Мәжілісмен әрі омбудсмен құжатта әрбір адамның еңбек етуге және мамандықты еркін таңдауға құқығы бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекет жұмыспен қамтуға жағдай жасау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және кемсітусіз әділ еңбекақы төлеу міндетін өз мойнына алады.

– Бұл әсіресе жұмыс табуы қиындау адамдар үшін аса маңызды, – деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан. – Мүгедектігі бар адамдар, жас мамандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жұмыспен қамтылу мүмкіндігі тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар дербестік пен болашаққа деген сенім сезімі.

Жаңа Конституция жобасында еңбек ету құқығы мемлекеттің негізгі әлеуметтік кепілдіктерінің бірі ретінде бекітіледі.

– Бұл жұмыспен қамтуды дамыту және еңбеккерлердің құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін білдіреді, – деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy