Ынтымақтастықты нығайтамыз!

dep.jpg

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенцияны ратификациялау жөніндегі жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Комитет хатшысы, депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бұл құжат аталған құқықтық көмекті алу және көрсету мәселелері бойынша қатысушы мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.

Мәжілісмен Еуропалық Одаққа мүше емес мемлекет те Конвенцияға қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру арқылы оған қосыла алатынын нақтылады.

– Еуропалық Конвенцияға қосылу Қазақстан мен ЕО арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты арттырады, – деп түйіндеді М. Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy