«Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін»

dep.jpg

Әділетті Қазақстан ең алдымен осал жандарды қорғаудан басталуы керек. Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат, Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан осылай деп санайды.

Мәжілісмен әрі омбудсмен әріптестерімен бірге «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалицияның отырысына қатысты. Жиында ел болашағы қандай болатыны талқыланды. Пікірталас қорытындысы бойынша Кенжеғұл Сейтжан жобаға енгізілген оң өзгерістерге қатысты бірқатар тұжырым жасады.

– Біріншіден – шекарасыз инклюзия, – деп атап өтті депутат. – Ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқығы бұдан былай мемлекеттің конституциялық міндетіне айналады. Қолжетімді ортадан бастап, еңбек етуге дейінгі аралықта тең мүмкіндік беріледі.

Кенжеғұл Сейтжан ұсынылып отырған нормалар қуатты әлеуметтік қалқан қалыптастыратынын айтты.

– Болашақта ешқандай заңдар азаматтардың әлеуметтік жағдайын нашарлата алмайды, – деп нақтылады К.Сейтжан. – «Кері шегінуге жол бермеу» қағидаты негізгі ұстанымға айналады.

Депутатқа құжатта адамның жүйеден жоғары тұруы тиіс екені туралы норманың нақтылану – ерекше әсер қалдырды. Оның сөзінше, жоба баптарының әрқайсы мемлекеттің азаматқа қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған.

– Халықтық Конституция – прогрессивті қоғам құратын берік іргетас, – деп түйіндеді Кенжеғұл Сейтжан.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy