Спортқа жолдама

dep.jpg

кадр из видео

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтары жөніндегі уәкіл, кәсіби паралимпиадалық спортшы, сондай-ақ Қазақстанның голбол және паравелоспорт федерацияларының басшысы Кенжеғұл Сейтжан Алматы қаласында өткен инклюзивті спортты дамытуға арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Жиынға параспорт федерацияларының басшылары мен өкілдері, жаттықтырушылар және қоғамдық қор қызметкерлері жиналды. Кездесу барысында болашақ чемпиондарды ерте анықтау, жаттықтырушыларды, тьюторларды, гидтерді және спорт психологтарын даярлау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мүгедектігі және даму ерекшеліктері бар балалар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыру жайы сөз болды. Спорттың психоэмоциялық тұрақтандыру мен әлеуметтік бейімдеудің тиімді құралы ретіндегі рөлі айқындалды.

Дегенмен, талқылаудың негізгі тақырыбы – Қазақстанда теңгерімді әрі тұрақты параспорт жүйесін қалыптастыру мәселесі болды. Жаңадан бастаған параспортшының алғашқы жаттығуынан бастап кәсіби деңгейге дейінгі толық жолын қалай құрып, жүйелеуге болады деген сұрақтар көтерілді. Қатысушылар өз ұсыныстарымен бөлісіп, алдағы іс-қимылдардың жоспарын белгіледі.

– Жұмыс басталды. Біз кезең-кезеңімен алға жылжып келеміз, – деп ұсынылған жобаларға пікір білдірді Кенжеғұл Сейтжан.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy