Қала тазалығы үшін

Қазақстан Халық партиясының өкілдері «Таза Ерейментау» экологиялық акциясы аясында орталық саябақтағы спорт алаңын абаттандырды. Шара шеңберінде белсенділер аумақты қоқыс пен құрғақ шөптен тазартып, алаңның қоршауын сырлады.

Акцияның жүзеге сәтті асуына Агротехникалық колледж студенттері ерекше үлес қосты. ҚХП Ерейментау аудандық өкілдігінің төрағасы Юлия Каркавина студенттер мен қала тұрғындарына қоғамдық кеңістікті жақсартуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

– Әрбір азамат үшін ортақ үйімізде – қаламызда тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңызы зор, – деп атап өтті ол. – Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаның жай-күйіне жауап береміз. Бүгінгі акция айналамыздың ажарын ашуға негіз боды. Ю. Каркавина Ерейментаудың тартымды әрі көрікті болуы үшін экологиялық бастамаларды жиі ұйымдастыру қажет екенін мәлімдеді.

– Мұндай акциялар таза, жасыл және салауатты орта қалыптастыруға ықпал етеді, – деді шараға қатысушылар. – Бұл акция қаладағы экологиялық жағдайды жақсартады және жастардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттырады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy