ҚХП ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Жеңіс күнінде Қазақстан Халық партиясының өкілдері, Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар және ҚХП Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнайы барды.

Елордалық ардагерлер Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында келген партия мүшелерін жылы қабылдады. Кездесу барысында ардагерлер майданда басынан өткен қиыншылықтарын айтып, көрсетілген ыстық ықыласқа ризашылық білдірді.

Аға буынға деген қамқорлық тек мереке күндері ғана емес, партия мүшелері тарапынан ұдайы көрсетіліп тұрады, - деп атап өтті Нұрдәулет Оразханов. - Бұл біздің қоғам алдында, жас буын алдында тұрған маңызды міндет деп білемін.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy