ҚХП депутаты парламенттік комиссияның құрамына енді

dep.jpg Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліске сайланған депутат Гаухар Танашева ҚР Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамына сайланды

Парламенттік комиссия Мемлекет басшысы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін құрылады.

Бұл қадам республиканың орнықты даму мақсаттарына неғұрлым сапалы қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті парламентшілер. – Сондай-ақ депутаттардың Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен қайта құрулардың тиімділігі үшін халық қалаулысы ретіндегі жауапкершілігін арттырады.

Комиссия құрамына 9 мәжілісмен енді. Олардың арасында саяси партиялардың барлық фракциялары, сондай-ақ Палатаның тұрақты комитеттерінің өкілдері бар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy