ҚХП Ақмола филиалы азаматтарға заң көмегін көрсетеді

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚХП Ақмола облыстық филиалының басшылығымен – өкілдік басшысы Ұлан Қабдинмен және оның орынбасары Арман Тастамбековпен кездесті.

Басқосуда Ақмола облыстық филиалы мен Степногорск қалалық және Ерейментау аудандық өкілдіктері 830 іс-шара өткізгені мәлімделді. Іс-шараның басым бөлігі (739) үгіт-насихат кезеңінде ұйымдастырылған. Бұған қоса ақмолалықтар қайырымдылық акцияларына, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге мұрындық болған.

Облыста барлығы 13 депутат жұмыс істейді. Оның 4-і қалалық, 9-ы аудандық мәслихаттарда еңбек етеді. Халықпен 31 кездесу өткізіліп, атқарушы органдарға 4 депутаттық сауал жолданды.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайды. Күні бүгінге дейін 20 өзекті мәселенің 18-і оң шешімін тапты. Үш мәселе заңгерлердің назарына алынды.

– Біз Ақмола облысының Адвокаттар алқасымен меморандумға қол қойдық, – деді Арман Тастамбеков. – ҚХП қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарласқан азаматтар заңгерлерлерден тегін кәсіби кеңес ала алады.

Осыған дейін заңгерлердің көмегімен заңсыз қозғалған атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды, мүгедектігі бар адамның салық берешегі қайта есептеліп, 2 есе азайтылды. Сонымен қатар тараптар татуласып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды және жалақы шотына заңсыз бұғат қойылған азаматтың мәселесі шешілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy