Әр ауыл тұрғынына 25 сотық жер

Мәжіліс депутаттығына Кандидат, партия төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков Тараз қаласында болып, тұрғындармен, емхана ұжымымен және Жуалы ауданы Момышұлы ауылының тұрғындарымен кездесті.

Тараздағы мәдениет үйінде өткен басқосу барысында келелі мәселелер қозғалды. Әсіресе, атқарушы билік пен сот жүйесіндегі кедергілер күн тәртібіне көтерілді.

Бұл ретте Асхат Зейноллаұлы әкімдер мен соттарды халық сайлауы керек деді.

– Судьяларды шенеуніктер мен Жоғарғы соттың тағайындауы сыбайлас жемқорлыққа бастайды. Сот әділ және теріс салдарсыз тағайындалуы тиіс. Аудандық соттардың судьяларын халық сайлауы керек! Біздің пайымымызша, барлық деңгейдегі әкімдерді халық сайлайды және әкімдер жергілікті мәслихаттарға есеп береді!

Ал Момышұлы ауылының тұрғындарымен тілдесу барысында Асхат Асылбеков партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстырды. Онда ҚХП әлеуметтік әділетті қоғам құру мақсатында жұмылып жұмыс істеп жатқандығын айрықша атады. – Біздің мақсатымыз – елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құру! – деді.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100 млн.га жер пайдаланылмай жатыр. «Әрбір азаматқа қалада 10 сотық, ауылда 25 сотық жер телімін беруді ұсынамыз. Ауылдық жерлерде жер телімі онда жұмыс істейтін адамға ғана тиесілі болуы керек» – деді кандидат.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 5-тен 500 гектарға дейінгі аумақта 7 жылға тегін пайдалану құқығын беру мәселесін де сөз етті А.Асылбеков. – Ол үшін алдымен жерді пайдаланушы фермерлік шаруашылықты жеке кәсіпкер ретінде тіркейді. Кейіннен 7 жыл ішінде отбасымен бірге жер учаскесінде өндірістік қызметті жүзеге асырады. Басты талап – салық органдары алдындағы ашықтығы керек, – деді.

– Ал мемлекет алдында ашықтық таныта алмағандармен әңгіме қысқа. Келісімшартты тоқтату және жерді қайтарып алу керек! – дейді Асхат Асылбеков. Сонымен қатар – Ең бірінші, латифундистерге жер тек жалға берілуі тиіс, – деді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының ресурстарын пайдалану және өзара байланыстыру арқылы мыңға жуық елді мекендерді ауқымды құрылыс алаңдарына айналдыру керек. Бұл туралы партияның сайлауалды бағдарламасында айтылды.

Кездесу барысында: «Қазақстан Халық партиясы ауылдық аймақтарды дамыту Бағдарламасы шеңберінде ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынады» – деді Төраға орынбасары.

– Халық партиясы сайлауда жеңіске жетіп, адал еңбек еткен азаматтардың жолын ашады. Жер өңдеп, мал бағып, ауылды көтеру үшін күреседі! Ауыл тұрғындары жайылымдық жерге қол жеткізеді. Ал еңбек адамдары бағаланып, тиісті жалақы алады! – деп қосты А.Асылбеков.

Кездесу қорытындысында әділ сайлау – демократияның ең маңызды элементі екенін айрықша атады спикер. Сондықтан «Атқарушы билік сайлауға ықпал етпеуі керек және дауыс беру нәтижесін бұрмалағаны, сайлау комиссияларының мүшелеріне қысым жасағаны және оларға пара бергені үшін қатаң қылмыстық жаза енгізуді талап етеміз, – деп түйіндеді ойын.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy