Конституцияны түсіндіру: орталықтан – аймаққа

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Ақпараттық эстафетаны партияның аймақтық және аудандық филиалдары сәтті қабылдады. Жоба жүзеге асырыла бастағаннан бері облыстарда құжатты талқылауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.

ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы ең алдымен өз активімен және жергілікті Қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесу өткізді. Мұнда негізгі спикер ретінде филиал басшысының орынбасары Болат Қожахметов сөз сөйледі. Ол жобаның негізгі ережелерін, ұсынылған өзгерістер мен жаңалшылдықтар жайлы айтты.

1

– Азаматтардың конституциялық қайта құруға қатысуы үшін қоғамдық талқылау өткізудің маңызы зор, – деді филиал төрағасының орынбасары.

Бұдан әрі ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымына барып, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Шара шеңберінде жұмыскерлерге ҚР негізгі Заңындағы өзгерістер туралы ақпарат берілді. Көпшілік алдында сөйлеген сөзінде Болат Қожахметов жаңа Конституцияда алғаш рет адам құқығы мен бостандығына ерекше басымдық берілгенін жариялады. Ол бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттіліктің негізі болып айқындалғанын айтты. Сонымен қатар егемендік, тәуелсіздік, біртұтастық және аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылық ретінде белгіленгеніне назар аударды.

2

– Алғаш рет Конституция деңгейінде әділдік, заңдылық пен тәртіп және табиғатқа қамқорлықпен қарау қағидаттары бекітілді, сондай – ақ биліктің қайнар көзі халық болып табылады,– деді Б. Қожахметов. – Азаматтардың цифрлық құқықтары туралы нормалар енгізілді, білім берудің зайырлы сипаты, некедегі теңдік және әйелдердің құқығын қорғауды күшейту мәселесі назарға алынды. Зияткерлік меншікті қорғауды қоса алғанда, азаматтардың құқығына берілетін кепілдік күшейді.

3

Ашық форматта өткен кездесу диалог пен пікірталасқа негіз болды. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақ қойып, нақты жауап алды.

6

Жаңа Конституцияның жобасы Алматы облысының Қарасай ауданында да талқыланды. Оған ҚХП Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрдәулет Оразханов және ҚХП Алматы облыстық филиалының төрағасы Асқар Ниязов қатысты.

4

5

7

8

Кездесуден соң партияның жаңа мүшелеріне партбилеттер табысталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy