Мәжіліс депутаты, «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдерімен бірге Павлодар облысындағы жұмыс сапарын жалғастыруда. Сапардың мақсаты – азаматтарға Конституциялық реформаны түсіндіру.
Коалиция мүшелері Железин ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жаңа Конституция жобасы талқыланған жиында көпшілікті толғандырған сұрақтарға нақты жауап берілді. Сонымен қатар коалиция өкілдері Павлодар қаласында өтіп жатқан «Senate Open» шахмат турнирінің ашылу рәсіміне арнайы шақыртумен барды. Қонақтар шахматшыларға сәттілік тілеп, Рамазан айымен құттықтады және республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

– Азаматтардың дені алдағы реформадан хабардар және дауыс беруге дайын, – деді Ислам Сұңқар. – Көпшілік жаңа қоғамдық келісімге деген сұранысты растайды және ұсынылып отырған Конституция жобасы уақыт талабына сай деп санайды.
@halyk_partiyasy