Қазақстан Халық партиясының депутаты Г.Нұғманова Екібастұз қаласында «Гидропром» ЖШС құрылысшыларымен және №21 балабақшаның қызметкерлерімен кездесті.
Ашық диалог форматында өткен сұхбат барысында депутат конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндіріп, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берді.
– Қоғамды үлкен өзгеріс күтіп тұр. Алдағы референдум қоғамдық-саяси өзгеріске жол ашады. Саяси науқан ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруына негіз болуға тиіс. Ертең жақсы өмір сүру үшін бүгін таңдау жасап, бүгін әрекет ету қажет, – деді депутат.
ҚХП баспасөз қызметі