ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының активі 5 маусымға тағайындалған референдумның маңыздылығы мен Конституцияға енгізілетін түзетулердің қажеттілігін түсіндіру үшін көшпелі кездесу өткізді.
Партия өкілдері Байғанин ауданының Кемерші, Жаңатаң, Жарқамыс, Қаражар кенттерінің тұрғындарымен әңгімелесіп, Ата заңның баптары өзгертілсе, жер және оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатынын, мәслихаттардың рөлі күшейетінін, билік маңызды шешім қабылдар кезде халықтың пікірі мен ұсынысын ескеріп отыратынын мәлімдеді.
– Референдум – саяси реформаның бастауы. Алдағы саяси науқан ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруына негіз болуға тиіс.
Ертең жақсы өмір сүру үшін бүгін таңдау жасап, бүгін әрекет ету қажет. Азаматтарды референдумға қатысып, баянды болашақ үшін дауыс беруге шақырамын, – деді ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Б.Дауылбаева.
ҚХП баспасөз қызметі