Өңірлерге – Конституция туралы!

Қазақстан Халық партиясы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының құрамына енді. Партия мүшелері өңірлердегі ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтіп жатыр. Жалпыұлттық референдум күніне, яғни 15 наурызға дейін Ата заң жобасының барлық тармағы мүмкіндігінше толық түсіндірілуі тиіс.

ҚХП Алматы қалалық филиалының өкілдері Түрксіб ауданында тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу өтетін орын ретінде «Тұран» құрылыс иелерінің кооперативтері қауымдастығы таңдалды. Іс-шараға партияның белсенділері, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің сарапшылары, сондай-ақ жергілікті ПИК және МИБ өкілдері қатысты. Партия мүшелері жиналғандарға конституциялық өзгерістердің негізгі тұжырымдарын, реформаларды жүзеге асыруды, демократиялық институттардың дамуын және азаматтық қоғамның рөлін күшейтуді түсіндірді. Алматы қалалық партия мүшелері осындай кездесуді Алматы технологиялық колледжінде де ұйымдастырды.

1

– ҚХП Алматы қалалық филиалы конституциялық бастамаларды ілгерілету және азаматтарды негізгі әлеуметтік-саяси процестерді талқылауға жұмылдыруды жалғастыруда, – деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушылар.

2

Партияның Батыс Қазақстандағы өкілдері жаңа Конституция жобасын №44 мектеп-гимназиясында талқылады. Жиынға педагогикалық ұжым мен ата-аналар қатысты.

3

4

– Біз мемлекетті дамыту, демократиялық принциптерді нығайту және азаматтардың құқығын қорғау үшін Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларды қарастырдық, – деп баяндады партия мүшелері. – Парламенттің рөлін күшейту, қоғамдық бақылау механизмдерін кеңейту және мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға арналған баптарға ерекше назар аудардық.

ҚХП Шығыс Қазақстан облысының белсенділері «Қазцинк» АҚ жұмысшы жастарымен кездесті.

5

– Жұмысшы жастар ерекше қызығушылық танытты, – деп мәлімдеді партия мүшелері. – Мұндай конструктивті пікір алмасу мемлекеттің негізгі бастамаларын кеңінен талқылау маңызды екенін көрсетеді.

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy