Регрессиялық төлем алу құқығын заңмен бекіту қажет

ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Александр Милютин Павлодардағы «Қазақстан Алюминииі» АҚ ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кездесуде спикер кландық-олигархиялық капитализм жүйесінің дәуірі аяқталуға жақын екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол бұл мәселе партияның сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетілгенін айтты.

– Халық партиясы Конституцияға халықтың жер және жер қойнауын игеру құқығын енгізуге қол жеткізді. Келесі кезек – мемлекеттік акциялар пакетін әрбір азаматтарға тегін үлестіру. Бізге жалдамалы қызметкердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын толық қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет! Ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін жұмысшылардың 50-55 жаста зейнетке шығуын талап етеміз. Біз – қауіпті өндірістерде қосымша ақы алуды қолдаймыз, – деді ол.

Сондай-ақ спикер елдегі цифрландыру мен халықты жұмыспен қамту мәселесіне де тоқталды. Халық партиясы Парламент пен Үкіметке жаңа бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Онда Үкімет еліміздегі жұмыс орындарын сақтап қалудың заңнамалық тетігін қарастыру мен жұмыстан босап қалған азаматтарды қайта жұмысқа орналастыру талап етілген.

Александр Милютиннің айтуынша, мүгедектердің әділ регрессиялық төлемдерді алу құқығын заңмен бекіту қажет.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy