Шешім – халықтың қолында!

dep.jpg

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының түпкілікті жобасын жариялады. Мәтін Конституциялық соттың ресми ресурстарына орналастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституциялық комиссияның барлық отырыстарының тікелей эфирде көрсетілуі – бұрын-соңды болмаған жағдай. Комиссияның 12-ші отырыс шешуші отырыс болды.

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, Комиссия мүшесі, депутат Магеррам Магеррамов сол күні сөз сөйлегендердің барлығы жобаның түпкілікті екенін қолдап, бірауыздан пікір білдіргенін атап өтті.

– Жаңа Конституцияның қағидатты мен жаңашылдығына сәйкес, алдағы уақытта мемлекет үдерістерді әкімшілендіруге емес, азаматтарға қызмет етуге басымдық береді, – деді мәжілісмен 12-ші отырыста сөйлеген сөзінде. – Мен жобаны қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдайтынына сенімдімін. Мұны тек Комиссия жұмысына ғана емес, сонымен қатар елдің барлық өңірлерінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша түрлі қоғамдық және әлеуметтік топтармен кездесулер өткізген ҚХП филиалдарының жұмысына сүйеніп айтып отырмын.

М.Магеррамовтың пікірінше, жаңа Конституция жобасы – бұл өткенін саралап, бүгінін түсіне отырып, Қазақстанның жаңа келбетін айқындау жөнінде шешім қабылдаған халықтың бірлігі мен ынтымағының жобасы. Құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау, ашық қоғамдық талқылау өткізу және жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты пысықтау негізінде әзірленді.

– Өте жақсы, салмақты ұсыныстар болды, – деп түйіндеді ҚХП фракциясының жетекшісі. – Егер ұсыныс түссе, демек ол мемлекеттік басқаруға немесе азаматтардың белгілі бір әлеуметтік топтарының мүддесіне қатысты бар деген сөз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy