Осыдан 30 жылдан астам жыл бұрын, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Тәуелсіздігін айқындайтын заң қабылдады және оған қол қойды. Бірақ біздің жүрегімізде 1986 жылғы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы заң қабылданғанға дейін қазақстандық жастардың өз болашағын таңдау құқығын қорғау үшін алаңға шыққаны туралы естелік сақталып қалды. Біз олардың үмітін ақтауымыз керек.
Қазақстандықтар өз елінің Тәуелсіздігін жоғары бағалайды. Өткен үш онжылдықта олар егеменде елді өмір сүрудің артықшылығын сезінді. Бүгінде біздің республика халықаралық саясаттың дербес субъектісіне айналды және Орталық Азия өңірінде жетекші орынды иеленді. Мемлекетімізде теңдік пен әділеттілік нығая берсін, әр шаңырақта береке мен бірлік болсын!
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен қоғамды жаһандық деңгейде жаңғыртуға бағыт алды. Ұсынылған реформалар әрбір азаматтың табысты өмір сүруіне басымдық беретін Жаңа және Әділетті Қазақстан құруға бағытталған.
Біз ата-бабаларымыз бостандық үшін күрескен елімізді мақтан тұтамыз. Біз мемлекетіміздің тәуелсіздігін бағалаймыз. Жалпыхалықтық мерекемен құттықтаймыз! Баршаңызға бейбітшілік, тұрақтылық және бақыт тілейміз!
Біздің егеменді Қазақстанымыз дамып, өркендей берсін!
Қазақстан Халық партиясы