Түрлі оқиғаға толы 2022 жыл. Бұл кезең өмірімізді түбегейлі өзгертті. Ол біз үшін жаңа, әділ Қазақстанның іргесін бекітіп, әлеуметтік-экономикалық және қоғамның саяси құрылымындағы оң өзгерістерге жол ашты.
Референдумда отандастарымыз бірауыздан қолдау көрсеткен Конституциялық өзгерістер әділ Қазақстанның іргетасы болды. Олигархаттың «тәбетін тежеу» әділеттілікке деген сенімді қалпына келтірді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанып отырған экономикалық тұрақтылық пен сыртқы саяси ынтымақтастық қарым-қатынасы көрші елдердегі қақтығыстарды айналып өтуге болатынын айшықтап отыр.
Саяси реформалардың басталуы экономикалық өзгерістерге жол ашты. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттырып, еліміздің халықаралық дәрежедегі беделін өсіретініне бек сенім бар.
Қазақстан Халық партиясы осынау күрделі сәттерде қарапайым жұмысшылардың өмір сапасын арттыру жолында табанды еңбек еткен тағы бір жылды аяқтады. Біз сайлаушыларымызды – жалдамалы жұмысшыларды, бюджет қызметкерлерін, қызметшілерді – әлеуметтік мәселелердің тиімді шешімдерін іздеуде мұқият тыңдаймыз.
Сіздерге баянды бақыт, зор денсаулық және баршаңызға жарқын үміттер мен жақсы жетістіктер тілейміз!