Билік пен халықтың мүддесі ортақ болуы тиіс

Шенеуніктер елімізде болып жатқан өзгерістерге дер кезінде үн қата алмай отыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ирина Смирнова мұны мемлекеттік аппараттың халықтан алшақтағанымен және қоғамдық ұйымдарға сенбейтіндігімен байланыстырды.

Кадр даярлау ісі жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың экономиканың нақты секторында қарқынды таралу қарқынына ілесе алмай отыр.

Мамандықтар оқу бағдарламалары мен стандарттар жаңартылғаннан әлдеқайда жылдам өзгеруде. Процестерді цифрландыру үшін инфрақұрылым жеткіліксіз. Бұл – мемлекет басшысы айтқан сын-ескертпелердің бір парасы ғана.

– Негізсіз ұсыныстар, пайдасыз таныстырылымдар, есеп үшін белсенділік таныту өткеннің еншісінде қалуы тиіс, – деді Президент. – Мемлекеттік аппарат қоғамның барлығы көретін нақты нәтижеге жұмыс істеуге міндетті.

Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ирина Смирнованың пікірінше, шенеуніктердің енжарлығы мен шешімдердің дер кезінде қабылданбауы халықпен кері байланыстың жоқтығынан туындаған. Министрліктер кейде қарапайым азаматтардың өзекті мәселелерінен мүлде бейхабар болады.

1

– Үкімет «жерге түсіп», шынайы өмірге жақындауы керек, – деді мәжілісмен. – Шенеуніктер азаматтарға, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдар мен белсенділерге көбірек сенім артуы тиіс. Өйткені олар да елдің өркендеуі мен дамуына мүдделі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy