Қазақстан Халық партиясының филиалдары жаңа Конституция жобасының заңнамалық нормаларын халыққа түсіндіру жұмысын жүргізуде. ҚХП «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясына қосылуына байланысты сайлаушылармен ақпараттық жұмысты бұрынғыдан да күшейтті.
ҚХП Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасарлары Ысқақ Ахметов пен Темірхан Тұрғанбай Сауран ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Партия өкілдері жобаның негізгі тұжырымдарын таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.


ҚХП Маңғыстау облыстық филиалы Жаңаөзен қаласында ақпараттық-түсіндіру бағытында бірқатар іс-шара ұйымдастырды. Партия өкілдері №10 орта мектепке және ПЧ-13 мекемесіне барды. Сонымен қатар мәдениет саласы қызметкерлерімен, қала белсенділермен және жастармен жүздесті.



ҚХП Ұлытау облыстық филиалының қызметкерлері Сәтбаев қаласының кітапхана ұжымымен конституциялық реформаны талқылады.


– Бұл тақырып біз үшін ерекше маңызды, себебі Конституция – тек қана құқықтық құжат емес, мемлекет құрылымы мен қоғамдық қатынастың негізі, – деп атап өтті партия өкілдері. – Ондағы қағидалар еліміздің және келер ұрпақтың болашағына әсер етеді.
@halyk_partiyasy