Сайлауға дайынбыз!

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚР Мәжілісі мен мәслихаттарының алдағы сайлауына қатысты түсініктеме берді.

Ол алдағы сайлау науқаны осыған дейінгі демократиялық реформалардың жалғасы және елдің сапалы дамуындағы жаңа кезең екенін атап өтті.

Е.Ертісбаевтың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен қоғамды жаңғырту бағытындағы жоспарлы жұмысты жалғастыруда. Оның реформалары мемлекеттік жүйені жетілдіруге және әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысының барлық бастамалары біздің саяси көзқарастарымыздың сәйкес екендігін растайды! Сондықтан өткен жылы Қазақстан Халық партиясы бірінші болып Мемлекет басшысына қолдау білдірді. Кезектен тыс президенттік сайлауда оның кандидатурасын ұсынды және Халықтық Коалиция құрамындағы үгіт-насихат жұмысына белсенді қатысты.

– Халық партиясы Халық Президентін қолдады, – деп атап өтті ҚХП төрағасы.

Халық партиясы алдағы сайлауға белсенді қатысады. Саяси бағыты әлеуметтік әділеттілікке, теңдік пен халық билігіне бағытталған солшыл партияның Қазақстан үшін маңызы зор.

– Олигархиялық капитализм дәуірі аяқталуға жақын, – деді Ертісбаев Мемлекет басшысының сөзін негізге алып. – Біз әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мемлекет құрамыз. Біз бұған дайынбыз!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy