Салық саясатын өзгерту керек

5 наурызда Мәжіліс депутаттығына кандидат, партияның Астана филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов «Қамқор» сауда үйін жалға алушылармен экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға үгіт-насихат материалдарды таратылды, сондай-ақ елде орта тап құру және кедейлікті жою міндеті қойылған партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Партияластардың пікірінше, бұған Кедейлікке қарсы заң қабылдау, сондай-ақ салық саясатына дұрыс көзқарасты қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады.

Атап айтқанда, отандастар өнімі мен қызметтерінен ҚҚС-ты алып тастау, ірі компанияларға қатысты прогрессивті салық салу шкаласын енгізу, шағын және орта бизнесті кредиттеу кезінде делдалдарды жою, сондай-ақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін несие тәртібін айқындау қажет.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – елдің билігі мен байлығы халыққа тиесілі болуы керек, яғни сайлаудан кейін Қазақстанда халықтық үкімет, ықпалды Парламент, тәуелсіз соттар және халық сайлаған әкімдер сайлаушыларға қызмет етуі қажет. – Ол үшін 19 наурызда сайлауға келіңіз, бізге дауыс беріңіз! Біз жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысыңыз – деді Нұрдәулет Оразханов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy