Қазақстан Халық партиясы Қаржы министрлігін қолданысқа «ақылға қонымсыз» емес, ел мен адамдарға пайдалы салық енгізуге шақырды.
ҚХП фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов қазіргі салықтық әкімшілендіру көңіл көншітпейтінін айтты.
– Салықтық әкімшілендіру белгіленген жоспарға қол жеткізу мақсатында формальды бұзушылықтар негізінде жазалауға бағытталған, бұл ретте бюджетті толтырудың нақты құралдары назардан тыс қалып жатыр.
Депутат жидек пен саңырауқұлақ жинауға салынатын салықты тілге тиек етіп, бұл қоғамның әлеуметтік шиеленісін арттыратын абсурд екенін жеткізді. – Елде барлық маңызды істер мен міндеттер орындалып, тек саңырауқұлақ пен жидек жинауға салық салу ғана қалған секілді, – деді М. Магеррамов.
Депутат әлемде зиянды тағамға салық салу тәжірибесі кең таралғанын мәлімдеді.
– Медициналық қызметтің дерегінше, көп жағдайда бұл шаралар халықтың денсаулығына оң әсер етті, өйткені зиянды өнім тұтыну көлемін төмендетті, – деді ҚХП депутаты. – Біздің ойымызша, үкімет жидек сияқты пайдалы тағамға емес, халықтың денсаулығына зиян келтіретін тағамға салынатын салықты көтеруі керек.
Депутат зиянды өнімдерге салық қолдану мәселесін қарауды, ал табысы төмен отбасыларға пайдалы өнім сатып алатын ваучер ұсынуды алға тартты.