«Халық аманаты»: жер дауы мен халықтың құқығын қорғау мәселелері

Қазақстан Халық партиясы «Халық аманаты» жобасын жалғастыруда. Партия өкілдері белсенділердің, қоғам қайраткерлерінің, жергілікті атқарушы органдар мен мәслихат депутаттарының қатысуымен кездесулер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, халықты алаңдатқан мәселелерді талқылап келеді.

Жоба аясында партияның Алматы облыстық филиалы бау-бақша серіктестіктерінің төрағаларымен кездесу өткізді. Жиында саяжай иелері мен қала маңындағы ауыл тұрғындарының мәселелері қаралып, оларды шешуге қатысты ұсыныстар әзірленді.

1

3

Ал Шымкент қалалық филиалының басшылығы «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті бөлімшесімен кездесті. Тараптар күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылап, ай сайын әр айдың соңғы бейсенбісінде қоғамдық қабылдау форматында тұрақты кездесулер өткізуге уағдаласты. Бұл – мегаполис тұрғындары үшін маңызды мәселелер бойынша кеңес алып, қолдау табуға мүмкіндік береді.

2

5

– «Әділ билер» қоғамдық бірлестігі өз шағынаудандары мен тұрғын алаптарындағы жағдайды жақсы біледі, – деп атап өтті партия өкілдері.

4

Абай облыстық филиалының төрағасы Айдын Егеубаев Мақаншы ауданында партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді. Ол 11 ауылдық округті аралап, жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерімен және болашаққа қатысты жоспарларымен танысты. Негізінен, мәселелер инфрақұрылымға қатысты болды: ауызсу, жол сапасы, ауыл әкімдіктерімен байланыс орнату және тағы басқалар.

6

7

8

9

10

11

Ал Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі қазіргі уақытта Талапкер ауылы тұрғындарының өтініші бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ауыл тұрғындары жер үлестеріне қатысты құқықтарының өрескел бұзылғанын айтып, дабыл қағуда.

– Ауыл тұрғындары үшін жер – жай ғана аумақ емес. Бұл – күнкөріс көзі, табыс, тұрақтылық және балаларымыздың болашағы. Бұл жерлер – тегін берілген сый емес, жылдар бойы еңбек еткен адамдардың заңды меншігі, - дейді талапкерліктер.

13

Әңгіме 90-жылдары совхоздар тарағаннан кейін тұрғындарға ұжымдық меншік ретінде берілген жер телімдері туралы болып отыр. Жергілікті халықтың айтуынша, жалпы жиналыс өткізу, пай иелерін ескерту секілді заң талаптары сақталмаған. Нәтижесінде елорда іргесіндегі 500 гектардан астам жер заңсыз түрде мемлекеттік жер қорына берілген.

– Халық аң-таң, ешқандай ашықтық жоқ, меншік иелерінің пікірі ескерілмеген. Оның орнына ресми хаттама мен жол бойындағы жанжал ғана бар, - дейді тұрғындар.

14

Мәселе елорда маңындағы сұранысқа ие, нақты нарықтық құны бар жер телімдері жайында. Қазақстандықтар мұндай жағдайларда жердің күмәнді схемалар арқылы қолдан-қолға өтіп, сауда нысанына айналғанын, ал оның шынайы иелері қолында ештеңе қалмағанын жақсы біледі. Әділдік іздеген тұрғындар бұзылған құқықтарын сот арқылы қорғауға бел буып отыр.

– Бұл – мыңдаған ауыл тұрғынының ар-намысы, заңды құқығы және болашағы туралы мәселе! Қазіргі кезде жердің маңызы артып отырған тұста оған шын мәнінде иелік етуге құқылы азаматтардың мүддесін қорғау – аса маңызды, - деді талапкерліктер.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy