
Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат, партияның «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Павлодар жалпыұлттық коалициясының құрамындағы алғашқы жұмыс аптасын қорытындылады.
16-20 ақпан аралығында өңірлік жалпыұлттық коалиция облыстың барлық аймағында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Үш қалада және облыстың барлық аудандарында 211 кездесу өткізілді.
– Біздің басты мақсатымыз – халыққа 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумның мәні мен еліміздегі негізгі саяси реформалардың мазмұнын түсіндіру, – деп атап өтті Ислам Сұңқар.
Коалиция жұмысына 7 мобильді топ тартылды. Бұл шамамен 130 қатысушы: қалалық және аудандық филиалдардың жетекшілері, сарапшылар, жас көшбасшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері және т.б.
– Реформаға деген қызығушылық өте жоғары, – деп атап өтті Ислам Сұңқар. – Жұмыс жалғасып жатыр.
@halyk_partiyasy