Қазақстан Халық партиясының ұжымы Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжанға анасының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Сондай-ақ ардақты аналары мен аяулы әжелерінен айырылған Қамаш Ысқаққызының туған-туыстары мен жақындарына да қайғырып көңіл айтамыз. Оның өмірден өтуі – орны толмас өкініш. Сіздермен бірге аза тұтамыз.
Қамаш Ысқаққызының жарқын бейнесі оны таныған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақстан Халық партиясы
@halyk_partiyasy