Щучинскідегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту

dep.jpg

instagram.com/belleskz

Қазақстан Халық партиясы Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Партия өкілдері зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, қалпына келуін тілейді.

27 ақпанға қараған түні «Палау орталығы» дәмханасында жарылыс болып, өрт шықты. Салдарынан 7 адам қаза тапты: 5-і – оқиға орнында, 2-і – жансақтау бөлімінде көз жұмды. 20-дан астам адам ауыр күйік және дене жарақатын алды. Зардап шеккендердің бір бөлігі Көкшетау қаласының ауруханасына жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, алдын ала мәліметке сәйкес, жарылысқа газдың бөлінуі және тұтануы себеп болған. Полиция «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі немесе одан көп адамның өліміне әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандар мен зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсететінін уәде етті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy