Әлеуметтік шынайылық

dep.jpg

Изображение сгенерировано при помощи нейросети

Қазақстандағы әлеуметтік сала алаяқтар үшін табыс көзіне айналмауы тиіс. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов айтты. Осы мәселені ҚР Президенті барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумында көтерген болатын.

Мемлекет басшысы баяндамасында республиканың әлеуметтік саясатына ерекше назар аударды. Бұл – халықтың басым бөлігінің мүддесін қамтитын және олардың өмір салтына тікелей әсер ететін маңызды сала. Қазіргі таңда мемлекеттік бюджеттің 50 пайыздан астамы әлеуметтік бағытқа жұмсалады.

– Мұндай әлеуметтік кепілдік беретін және қамсыздандыру саясатын жүргізе алатын елдер көп емес, – деді Магеррам Магеррамов. – Алайда бұл салада қылмыс та аз емес. Алаяқтық схемалардың салдарынан әлеуметтік көмекті оған құқығы жоқ адамдар алып жататын жағдайлар кездеседі.

Жүргізіліп жатқан реформалар әлеуметтік қорғау жүйесін барынша нақты әрі тиімді етуге бағытталған ауқымды жұмысты көздейді.

– Мен бұл стратегияны толық қолдаймын және қазіргі заманның шындығы әлеуметтік мемлекет ұғымына жаңа көзқарасты талап етеді деп санаймын, – деп атап өтті мәжіліс депутаты. – Менің ойымша, әлеуметтік мемлекет ұтымды болуы тиіс. Ол адамның өз тағдырына өзі белсенді араласуын және өз әрекеті үшін жеке жауапкершілігін қарастыруы қажет.

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың өздері үшін лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін алғышарт қарастырылған. Енді мәселе – оны қабылдауда.

– Бұл шарттар бірнеше бапта көрініс тапқан. Онда мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде адам капиталын дамыту, білім беру, ғылым және инновацияларды қолдау белгіленген, – деді М.Магеррамов. – Сонымен қатар ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндікке кепілдік беріледі, еңбек ету құқығы, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі және басқа да құқықтар конституциялық тұрғыда бекітіледі. Мұның барлығы адамның еңбек әлеуетін жүзеге асыруға ынталандыратын конституциялық құрал мен тетік болып табылады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy