Әлеуметтік кепілдік – басым бағыт

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясындағы жұмысы аясында жаңа Конституция жобасының нормалары бойынша Қосшы қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Сапар барысында мәжілісмен әрі омбудсмен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беретін мұғалімдермен кездесті.

1

– Негізгі талқылау азаматтардың әлеуметтік жағдайы туралы болды, – деп нақтылады К. Сейтжан. – Ұстаздарға жаңа Конституция жобасы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтінін, алға дамуды мақсат тұтатынын түсіндірдім.

Депутат Қосшы қаласындағы Кәсіби бағдарлау орталығының (Мансап орталығы) жергілікті филиалы мен Отбасын қолдау орталығын аралап, еңбек ұжымымен сұхбаттасты.

2

– Жобаны талқылау барысында әлеуметтік кепілдіктер сақталатынын, азаматтардың құқығына басымдық берілетінін айттым, – деді К.Сейтжан. – Бұл мәселеде қауесет тарамауы тиіс. Мәселе қарапайым тілмен түсіндірілуі керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy