Мазмұнды қорытынды

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге жасаған жұмыс сапары мәресіне таяп қалды. Қорытынды кезеңде ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына және «Астана-1» теміржол вокзалына барды.

Мәжілісмен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында мекеменің қызметін талқылады. Мейманға таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, халыққа жедел медициналық көмек көрсету жүйесі және медициналық қызметтің өзара іс-қимылы жайлы айтылды.

1

— Орталық заманауи жабдықтармен және озық технологиялармен жарақтандырылған, бұл шұғыл медициналық көмекті сапалы әрі жедел көрсетуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті сапар қорытындысында Магеррам Магеррамов.

2

Осыдан соң депутат «Астана-1» вокзалына қызмет көрсететін «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшылығымен кездесті.

Қазіргі таңда вокзал ғимаратында ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде: инженерлік желілер мен ішкі инфрақұрылым жаңартылып, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи жабдықтар орнатылуда.

3

— Біз қазақстандық қамтудың, яғни жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары мен материалдарының үлесін де талқыладық, — деп нақтылады М. Магеррамов.

4


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy