Спорттық стратегия

dep.jpg

pixabay.com

Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2024 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында қол қойылған. Бұған Ұлыбританияның 2020 жылдың басында Еуропалық Одақ құрамынан шығуы негіз болды.

Келісім екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті реттеп, саясат, экономика, мәдениет және өзге де салаларда халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Құжат аясында сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты кеңейту, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да бағыттардағы өзара іс-қимылды дамыту көзделген.

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, кәсіби паралимпиадашы Кенжеғұл Сейтжан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке ынтымақтастықтың спорт саласына әсері бола ма деген сауал қойды.

– Біз АҚШ және Жапониямен ынтымақтастық орнатқанбыз, – деп нақтылады мәжілісмен. – Ұлыбританиямен болашақта спорт саласында осындай ынтымақтастық және әріптестік туралы келісім жасала ма?

Үкімет өкілдері салалық министрлік тарапынан ұсыныс түсіп, британ тарапы қызығушылық танытса, бұл бастаманы қолдауға дайын екендерін дипломатиялық түрде жеткізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy