Су шаруашылығы министрлігін құру керек

«Халық микрофоны» жобасының тікелей эфирінде экология тақырыбы талқыланды.

Қоғам белсенділері өзекті мәселелерді күн тәртібіне қойды. Оның ішінде АЭС құрылысы, қоршаған ортаны қорғау белсенділерін қудалау, сарқылып жатқан өзендердің мүшкіл халі тілге тиек етілді.

Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Вадим Ни көп жылдар бойы экология қауіпсіздігімен айналысқан. Ол бұрынғы экологиялық кодексті әзірлеуге қатысқан. Спикердің айтуынша, Су ресурстары комитетіне министрлік мәртебесін беру керек. Бұл партияның сайлауалды бағдарламасында жазылған.

– Халық партиясы Су ресурстары министрлігін құруды ұсынады. Біз судың 50 пайызын өзге елдерден аламыз, яғни оларға тәуелдіміз. Халықаралық келіссөз жүргізу қажет болғанда комитет төрағасының мәртебесі жеткіліксіз болады, – деді ол.

Тікелей эфирде Вадим Ни қоршаған ортаға қатысты заң жобаларын мақұлдауда ірі жер қойнауын пайдаланушылар лоббистерді жақтап, кедергі келтіретінін айтты.
Сондай-ақ жер шарындағы климаттың бұзылуына жануарлардың себепсіз өлімі мен өзен-көлдердің тартылуы және орман өртінің көбеюі себеп болып отырғанын баяндады.

Сонымен қатар ол Үкімет ауаның ластануын тежеу үшін жылу электр стансаларын газға жедел көшіру, ескі көліктерді қолданыстан шығару мәселелерін шұғыл шешу қажеттігін алға тартты.

Оның пікірінше, ірі жобаларды жүзеге асырарда экологиялық мәселелерге назар аудару қажет. Мәселен, тау шаңғысы курорты қардың жеткілікті деңгейін, ал атом электр стансасы суды қажет етеді.

https://www.youtube.com/watch?v=54Gt8T7IUNk


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy