Қазақстан Халық партиясының атынан сайланған Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдерімен бірге Ұлытау облысына сайлаушылармен кездесуге аттанды. Олардың мақсаты – халыққа Конституциялық реформаның мәнін түсіндіру.
Коалиция мүшелері Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Қатысушылар Конституциядағы жаңа баптар мен түзетулерді талқылады. Бұдан кейінгі кездесу Сәтбаев қаласындағы «Денсаулық» колледжі мен басқа да мекемелерде ұйымдастырылды.

– Негізгі Заң жобасына енгізілген түзетулер мемлекеттік құрылымды түбегейлі өзгертеді, – деді Асылбек Нұралин. – Мен үшін барлық күш-жігеріміздің еңбек адамдарының, оның ішінде кеншінің, металлургтің, мұғалімнің, дәрігердің және басқа мамандардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етуі басты нәтиже. 15 наурыздағы референдум құндылықтарымызды бекітуге, таңдау жасауға берілген мүмкіндік. Құжаттың тағдырын Қазақстан халқы шешеді.


@halyk_partiyasy