
Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат, Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқығы жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан Ақмола облысына жұмыс сапарын жалғастыруда. Ол Ақмол ауылында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өткізді.
Мәжілісмен әрі омбудсмен жастармен, волонтерлармен және ресурстық орталықтың қызметкерлерімен құжаттың негізгі нормаларын талдап, сұрақтарға жауап берді.
– Жастар маңызды шешім қабылдауға дайын екенін көрсетті, – деді К. Сейтжан.
Кездесуге қатысушылар еңбек қатынасына қатысты конституциялық өзгерістерге қызығушылық танытты.
– Бұрын еңбек еркіндігі деп қолданылған ұғым жаңа құжатта еңбек ету құқығы деп нақтыланды, – деп түсіндірді ҚХП депутаты. – Мемлекет өзіне жауапкершілік алып отыр. Жастар, мүгедектігі бар адамдар, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтар үшін жұмыс орындары құрылады. Әрине, біздің де азамат ретінде өзімізге тиесілі жауапкершілігіміз бен міндетіміз болады.
@halyk_partiyasy