2 наурызда Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында автошеру өткізді.
Шара Тараз қаласында ұйымдастырылды. Онда автокөліктерге ҚХП символикасы мен тулары ілінді. Негізгі мақсат – Халық партиясының Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды қолдау, тұрғындарды 19 наурызда болатын сайлауға шақыру.
– Біздің партия қарапайым халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру, ел мүддесін қорғау жолында еңбек етіп келеді. Биліктің бастауы ол – халық! – деді Жанат Бастаубаева. Сондай-ақ, жас отбасыларды қолдау, әлеуметтік орта тап қалыптастыру жайын тілге тиек етті.