Сәуір айынан басталған екі айлық тазалық жұмыстары әр сенбі сайын жалғасын тауып келеді.
Бүгін де ҚХП қалалық мәслихат депутаты Иликбаев Дияс Рустамұлы әріптестерімен бірге Орталық саябақта сенбілік өткізді.
Саябақ аумағында қоқыс қалдықтары мен қураған бұтақтарды жинады. Алдағы уақытта әрі қарай сенбілік депутаттың өз округінде тұрғындармен бірге жалғастыратындығын ҚХП Ақтобе облыстық филиалына жеткізді.
Осындай игі шараға барлық тұрғындарды белсене қатысуға шақырамыз. Қаламыздың тазалығы өзімізден басталатынын ұмытпайық және әрқайсымыздың туған шаһарымыздың тағдырына қатысуымыз ортақ жауапкершіліктің үлгісі деп білеміз!