Талқылау тақырыбы – Конституция

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары Конституциялық реформаны түсіндіру аясында сайлаушылармен көшпелі кездесу өткізуін жалғастыруда. Таяуда ҚХП «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясына қосылған болатын.

Партияның парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов әріптестерімен бірге Астанадағы №101 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті. Мәжілісмендер мұғалімдерге жобаға енгізілген жаңашылдықтар туралы айтып, құжаттың баптарына енгізілген негізгі өзгерістерді талқылады. Қатысушыларды білім беру саласындағы өзгерістер ерекше қызықтырды.

1

– Адамдар жобамен танысып, шынайы қызығушылық танытуда, – деп атап өтті М.Магеррамов. – Бұл олардың еліміздің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

2

3

Тағы бір маңызды кездесу «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ұжымымен өтті. Мәдениет пен өнер саласының 100-ден астам өкілі «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы елордалық штабының мүшелерімен жаңа Конституция жобасының ережелерін және қоғам үшін практикалық маңызын талқылады.

4

5

– Адамдарды Құрылтайдың бір палаталы Парламент ретінде жұмыс істеу тетігі, жаңа консультативтік-кеңесші орган – Халық кеңесінің өкілеттігі және басқа да құрылымдар қызықтырады, – деп атап өтті Магеррам Магеррамов. – Бұл құрылымдар билік жүйесінде қоғамның әртүрлі топтары мен азаматтардың түрлі санаттарының мүддесін білдіреді.

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy