Қауіпсіз қоғамдық кеңістік қажет

dep.jpg

Pixabay.com

Сейсмикалық қауіпті Алматы қаласында төтенше жағдай кезінде халықты эвакуациялау және жинау үшін қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер жетіспейді, ал қолданыстағыларының саны соңғы жылдары айтарлықтай қысқаруда. ТЖ кезінде Алматы тұрғындарын Азаматтық қорғау шараларының жетіспеушілігі мәселесін Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова көтерді.

Мәжілісмен пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Алматы еліміздегі ең сейсмикалық қауіпті қалалардың бірі екенін еске салды. Қала қуатты 10 баллға дейін жететін қатты жер сілкінісі аймағында орналасқан. Оның Бас жоспарында қауіпсіз қоғамдық кеңістіктерді қамтамасыз етудің жүйелі шешімі жоқ, ал қолданыстағы заңнамада "Төтенше жағдайлар кезінде халықты жинау орны" деген ұғым нақты реттелмеген және осындай аумақтарға нақты талап қойылмаған.

– Халыққа ғимараттардан, электр желілері мен ағаштардан алыс әрі ашық аумаққа шығу ұсынылады, – деді И.Смирнова. – Бұл норматив емес, жалпы ұсыныс.

Жер сілкінісі кезінде жиналатын орындарды мектептердің, балабақшалардың, саябақтардың және т.б. аумақтары деп санау ұсынылады. Ал мектептер мен балабақшалардың жанындағы бос кеңістіктерге жаңа корпустар, скверлер мен саябақтарға – коммерциялық тұрғын үй кешендерімен салынуда.

– Академиялық қалашықта бұрын сквер орналасқан жалғыз бос қоғамдық кеңістік қазіргі уақытта тұрғын үй кешеніне берілді, – деп мысал келтірді депутат. – Тұрғындар қоғамдық кеңістікті, скверді және төтенше жағдай кезінде халықты жинайтын орын ретінде пайдалануға болатын ашық алаңды сақтауды жақтады. Тұрғындардың алаңдаушылығына және олардың өтініне қарамастан, аумақты сақтау мүмкін болмады. Қазір мұнда құрылыс жүріп жатыр.

Алматының басқа аудандарында да бос қалалық кеңістіктердің осылай қысқарып жатқаны байқалады. Жер сілкінісі кезінде алматылықтардың қайда қашатыны белгісіз.

– Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары Төтенше жағдайлар министрлігіне мәселені шұғыл түрде зерделеуді және оны жақын арада азаматтардың өмірі мен денсаулығының мүддесі үшін шешуді ұсынады, – деп түйіндеді Ирина Смирнова. – Бас прокуратурадан ТЖ кезінде жиналатын орындарына, олардың нормативтік анықтамасының болмауына қатысты құқықтық баға беруін сұраймыз. Кем дегенде, қалған қоғамдық кеңістіктерге құрылыс салынбасын.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy