Сайлаушылармен бетпе-бет

Мәжілістегі Қазақстан Халық партиясының депутаттары «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының құрамында сайлаушылармен кездесу өткізу және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін өңірлерге аттанды.

ҚХП фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, мәжілісмен Магеррам Магеррамов қазақстандықтар жаңа Конституция жобасына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

– Олар жобаны мұқият оқып шыққан – бұл маған қойылған сұрақтар негізінде жасаған қорытындым, – деп түсіндірді депутат. – Алғашқы кездесулердің өзі халықтың мүддесі мен болашағына сай келетін жаңа Конституция жобасының мәтіні әзірлегенін көрсетіп отыр.

1

М. Магеррамов құжатта заңның әрпі мен рухы және нақты өмір арасындағы тепе-теңдік сақталғанын бірнеше рет атап өтті.

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару туралы дұрыс шешім қабылдады, – деп мәлімдеді ҚХП фракциясының жетекшісі. – Бұл шешімнің тарихи маңызы алдағы жылдарда сезіледі.

ҚХП депутаты, «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар әріптестерімен бірге Павлодар облысына барды. Мұнда олар Коалицияның өңірлік штабы мүшелерімен кездесіп, алда бірлесіп атқаратын жұмыстарды талқылады. Сонымен қатар мәжілісмендер Өспен ауданының тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді.

2

– Біздің басты мақсатымыз – жұртшылық тарапынан қойылатын сұрақтарға жан-жақты жауап беру және алдағы республикалық референдумда дұрыс таңдау жасауға ынталандыру, – деп атап өтті И. Сұңқар.

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан жұмыс сапарымен Ақмола облысының Косшы қаласына барды.

3

– Біздің іс-шаралар қаланың бірнеше әлеуметтік нысандарында өтеді, – деді К. Сейтжан. – Бізге жаңа Конституция жобасын халыққа жеткізу мүмкіндігі берілгеніне қуаныштымын.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy