Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан

13.jpg

ҚХП Рудный қалалық филиалының өкілдері Қостанай облысының тұрғындарына Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндірді.

Партия өкілдері Рудный тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері мен Рудный индустриалдық институты оқытушыларының алдында сөз сөйлеп, Президент ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бастамасын екінші республика қалыптастыру, жаңа әрі әділетті Қазақстан құру үшін ұсынғанын мәлімдеді.

– Қазақстан Халық партиясы ҚР Конституциясын жетілдіру мақсатында бірқатар бастама көтерді. Соның ішінде Қазақстан халқының жерге, оның қойнауы мен байлығына құқығын заңмен бекіту мәселесін күн тәртібіне қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық партиясының ұсынысын құптады. Референдумнан соң әрбір қазақстандықтың жер мен оның пайдалы қазбаларынан табыс алуға және оған иелік етуге конституциялық құқы болады деп үміттенеміз, – деді ҚХП Рудный қалалық филиалының жетекшісі О.Березуцкая.

ҚХП баспасөз қызметі


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy