Жаңа Конституция – еңбек адамының құқықтық кепілі

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ирина Смирнова «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясындағы жұмысы аясында сайлаушылармен кездесу үшін жұмыс сапарына шықты. Ол Алматы қаласындағы бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдарды аралап, көпшілікпен жаңа Конституция жобасын талқылады.

ҚХП белсенді түрде ілгерілетіп келе жатқан конституциялық нормалардың бірі – еңбек ету құқығы. Алдыңғы нұсқадағы құжатта «Еңбек бостандығы» деген түсінік қолданылған. Бұған дейінгі нұсқадағы ұғымда мәжбүрлеудің жоқ екені көрсетілген болса, «еңбек құқығы» деген түсінік мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерді өз мойнына алатынын білдіреді. Бұл тек жұмыс істеуге рұқсат беру ғана емес, сонымен қатар: Жұмыспен қамтуға тең қолжетімділік; Еңбек саласындағы кемсітушілікке жол бермеу; Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттің өз міндеттемелерін орындауы.

– Ұсынылып отырған норма бекітілген жағдайда мемлекет азаматтарды барлық туындайтын міндеттерді қоса алғанда жұмыс істеу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге тиіс, – деп мәлімдеді И.Смирнова.

Осы және басқа да мәселелер Алматы қаласындағы көпір құрылымдары зауытында өткен кездесу барысында сөз болды.

– Өңірлердегі кездесулер – сұрақ пен жауаптан тұрады, – деді мәжілісмен. – Конституция – еліміздің негізгі заңы, сондықтан талқылайтын мәселе көп.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy